• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:50:31
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматы мен әзірбайжандық Гянджа бауырлас қалаларға айналуы мүмкін

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әзірбайжан Республикасы Президентінің көмекшісі Али Гасановпен кездесті

Алматы мен әзірбайжандық Гянджа бауырлас қалаларға айналуы мүмкін. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әзірбайжан Республикасы Президентінің көмекшісі Али Гасановпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Екі жақты байланысты нығайту мақсатында әзірбайжандық тарап Алматы мен Гянджаны бауырлас қалаларға айналдыруды, сонымен қатар мегаполисте Әзірбайжанның сауда үйін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу барысында Али Гасанов қала басшылығы мен Әл-Фарабаи атындағы ҚҰМУ-не Әзірбайжан тарихы мен мәдениетінің Орталығын ашуға қолдау білдіргендері үшін алғысын айтты.

«Мен бұл істің халықтарымыздың өзара бірлігін нығайтуға және ғылыми құндылықтарды алмасуға оң ықпал ететініне сенімдімін. Біз Әзірбайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығы мен жалпыұлттық жетекшіміз Гейдар Алиевтің туғанына 95 жыл толуына орай бірнеше конференциялар өткізіп үлгердік. Сондықтан бұл қолдау екі ел арасынадғы достық пен бауырмалдықтың кепілі болып табылады», - деді А.Гасанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір