• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:55:52
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2015 Алаш-Орда

Мәңгілік ел жыры

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

Қария тосып заманның зар бояулы іңірін, Тоқсан тоғыз тас санап тыншымайды күбір үн. Бөзек қылып жел ойнап боздақ таудың тұлымын, Көк найзамен бауыздап бұлақ қыздың бұрымын. Түсіме еніп жиі күн құраулайды қыр түні, Үйірінен адасып кісінеген жылқы үні. Томағасыз бүркітім тағдыр дейтін түлкіні, Қансорпасын қайнатып қансонарда іркіді. Тік қадалып көк байрақ,Көк Тәңірлі Бөрі елі, Қоюлана түсіпті қошқыл тартқан шер өңі . Таң азанын көтеріп кәрі Ғасыр өлеңі, Тәуелсіз жыл керуенін жөргекке орап бөледі. Аңыз-дала ,абыз ел- қасиет қонып бір тілім , Жібек ерін аймалап қара жердің кірпігін . Иіп емген сәби Kүн , миығында күлкімін , Адыр-адыр жотаның омырауының үрпімін . Қазақ исі шыққан тақ , қазақ ұлы тұр басып , Маңдайына халқымның Тәңір жазған кіл нәсіп . Жетім қалған ботаны боз інгенге телітіп , Бөз бұйдасын жетелеп келе жатыр қырды асып.

Тілтұмар

Қара жердің өзегінде өрілген, Бүрі бұғып қауызында көмілген. Қандыезулеу заманадан танып ал, Адыр аспан – Алаш сынды тегімнен. Құба белдер құмығудан айыққан, Қараңғыға тамған тамшы ғайыптан, Ұнарынан үкілі жыр үн қатты, Өз тағынан шемен тағдыр – тайып хан. Күлтелі үміт еркіндікпен теңдесті, Құсалы үн, тұсаулы мұң келмес-ті. Құндақтағы қазақ дейтін бір ұлды, Бозбала қып ойнатты кеп Кер Бесті. Құндыз бөрік бойжеткенбіз құрбым-ау, Күн қатпарлы ақ шымылдық тұр мынау. Анам тақты ақ желекке Тілтұмар, Тіліне ешкім салмасын деп қылбұрау. Елсінбекқызы Бақжан. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті. Қалалық, Облыстық мүшайралардың жеңімпазы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір