• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:44:05
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2015 Алаш-Орда

Отан

«Қазақ хандығына 550 жыл »жыр мүшайрасына

«Қазақ хандығына 550 жыл »жыр мүшайрасына

Жемқорлыққа белшесінен батсада, Қансыраған көкбөрідей жатсада, Бақытымның баршасынан қақсада, Отанымды мен мәңгіге сүйемін. Улансада аждаһадай гептилден, Қорлансада намысы жоқ тексізден, Бар жамандық шайқассада тек бізбен, Отанымды мен мәңгіге сүйемін. Көрмесемде мұнайының тамшысын, Азулылар сілтеседе қамшысын, Жоқшылықтың тартсамдағы талқысын, Отанымды мен мәңгіге сүйемін. Алмасамда азаматтық өзіңнен, Кез келседе ана ұлынан безінген, Күн кешсемде таудай алып төзіммен, Отанымды мен мәңгіге сүйемін. Себебі отан! Сен жалғызсың,біз жалғыз, Біз дегенің еркек тоқты құрбанбыз. Сан қырғынмен зобалаңды өткерген, Біз жанқияр бабалардан туғанбыз. Сондықтан да жыламаймын құр босқа, Ата жолын неге маған қумасқа. Қансыраған замандардан көкбөрі, Көкжал болып неге қайта тұрмасқа. Мен сенемін жазылады тың дастан. Омар Құрмашұлы

demeu2
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір