• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:05:06
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2015 Алаш-Орда

Қызғалдағыңды сүйемін, Бабамның қаны бар ма деп?!

«Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесіне

«Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесіне

                                                Мәңгілік елдің  рухы боп және жаны боп, Ауданды ұлттың ұл мен қызының ары боп, Бес ғасыр көрген тарих аспанын самғадым Қанаттылардың ханы боп...   Жұртымды көрдім береке, құты қашпаған. Татулық – әні, ешкім жоқ есік ашпаған. Жұлдызы жарық нұрлы бір және жол жатыр Жәнібек, Керей бастаған!   Қасқа бұл жолда өртеңің қалған Қасым от, Астанам - қолда, Хан Кенеміздің басы жоқ. Бақыт көгінен бір тамшы үнсіз тамып тұр Шұбырындының жасы боп!   Наурызбай-найза қорғаным болып жанға бек, Азаттығымды қарсы алам ылғи «Ар ма?!» - деп. О, Ұлы дала! Қызғалдағыңды сүйемін Бабамның қаны бар ма деп?!   Дәуір дүбірін естірдей биік болса ары, Берілмес бел жоқ, саңлақтар атқа қонса әлі. Өр Назым өзін құрбан да еткен, мың қыздың Үзілмеу үшін моншағы!   Айдай әлемге аян боп келген аймағы, Керуен күннен бұзылмай жеткен қаймағы. Алаулап тұр ғой Қозыбасыда тігілген Бөрілі елдің байрағы!   Ертеңгі үннің өзінде ғана әмірі, Кешегі күннің дұғасыз қалмас қабірі Жас ұрпақ барда Бәйтерек сынды мәуелі, Тереңде жатқан тамыры!   Киеңді біліп, сейіліп ойдан көп күмән. Алтын күн асып қанатым жайдым Көк Қыран. Көзіммен көрген, сезіммен сенген осы күй Абылайдың түсі болмаса екен деп тұрам... Көк Қыран, самға, Көк Қыран!  

 Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін!

           Мағжан Жұмабаев

               Хат жаздым қалам алып...   Ғұмырлас пендем, өзіңнен өзің сыр бақшы. Дүние жиып жүргенде бүгін қу нәпсі. Ажал кеп ертең, жоқ қылса жоқтың өзін де Атыңыз қалар, хатыңыз қалар бір жақсы. ***   Хақ жолы мына Әлемде билік құрмаған, Пенделер аз-ау Азанның үнін тыңдаған. Қазақ дейсіз бе? Ұлы деп жүрген ұлт түгіл, Адамдығынан адасып қалды бұл Ғалам.   Суалып сезім, шел болып көзім қалғыдым. Ендігі, ерен жастардың үні – арлы үн. Ақиқат – жалғыз, арман да бізде – жалғыз-ақ, Қапастан қара құтқару Жердің барлығын.   Көгімде – түнек, көзсіздік бұлты қаптаған. Санамды улап, тәнімді түйреп, таптаған. Алауы арсыз Айдаһар болсын – өзіне, Рухсыздар үшін «Рухымды – кие» сатпағам.   Тарихы талай тауқіметінен түлеген, Парыздан биік шың жоқ екенін біле ме ел?! Жолсызға нұрлы жол сап кетеміз, көр де тұр, Тереңге жайып тамырын өсер мың емен.   Бойымда жалын, қолбасшым – түркі Күлтегін. Берілмен, жастар! Өртеңде өнбес гүл тегін. Айналып қайта қазығын тапқан тұлпардың, Көңілінің жасын ар-иманыммен сүртемін.   Құдайдың құлы, ұлтының болған ұлтаны. Әлімсағынан азанды елдің ұрпағы. Күтеміз, жастар, «тау болып туған талайдың», Сәжденің иісін сағынтып атар бір таңы.   Қараңғылықтың ерітіп ызғар тоңдарын. Ар ілімінің түземіз сансыз томдарын. Болмысым ізгі құлқынның құлы болғанша, Мың бақыт маған Адамның ұлы болғаным.   Ада бол дерттен қаныңа сіңіп, қуалар. Бағың кеп өзі есіктен сонда сығалар. Адамзат үшін Адалдық тіле Алладан, Қабыл етілер ниеті түзу дұғалар!                                 Қуанышбай Ай-Керім Нұрғазықызы, SDU(Suleyman Demirel University)  demeu2
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір