• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:53:04
Алматы
+35°
 

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне! 

Салсада тағдыр қиынға, Ерлікке бәрі бұйымба. Бабалар жерін қорғаған, Сатылмай қызыл тиынға.   Заманы қу боп бұлғаса, Қырандай көктен шүйілген. Құрсақтан шыққан нәресте, Жұдырығы жауға түйілген.   Алдау мен арбау дегенді, Қазағым мүлде білмеген. Басып бір кеткен ізінде, Боз жусандар бүрлеген.   Ат жалын  тартса баласы, Қуанар атам тік тұрып. Ен жайлап мынау далаға, Шағаладай үйін тіктіріп.   Ұлылар айтқан өсиет, Парызы еді бөбектің. Алты ғасыр өткенде, Хандықты  менде сөз еттім.   Жетпесем сөздің нарқына, Ұрпағы болман қазақтың. Жырымды айтар жасқанбай, Міне мен бүгін азатыпын.   Тәуелсіз елдің аспанын, Қыран құс еркін шарлаған. Тұмардай текті бір қызбын, Қиялы көкке самғаған.      Еркіндік жыры   Азат елімнің ашық аспаны, Жазылар жаңа ғасыр дастаны. Жетелі жиырма жылдағы мына, Елімнің ерен  алға басқаны.   Өзімде теңдік, жерімде еркін, Мен жырлап өтем елімнің көркін. Егемен елдің ертеңі біздер, Сөндірте  қоймас, ошақтың отын.   Елмінің даңқы, меніңде даңқым, Ұстанып өтер бабаның салтын. Шуағын төгер арайлап әр күн.   Асқақта биік айбыны елдің, Иесі қазақ бұл байтақ жердің. Өзімді – өзім жебейтін кезім, Езгісіне түспей өзге біреудің.   Жайқалып тұрған әр  шөпке тамған, Бабамның тері, анамның жасы. Еркін аспаным ашық бол мәңгі, Жаратушы ием өзің қолдашы.   Қуандыққызы Пазия  1990 жылыдың 26 жұлдызында, Алматы қаласына қарасты  Жамбыл ауданында өмір есігін ашқан. Жастайынан өлең жазуға әуестенген жастың қалалық басылмдарда бірқанша тырнақ алды туындылары жарық көрген. Қазіргі таңда Қазақ мемлакеттік қыздар педагогикалық универстетінің  Өнер және мәдениет факультетінің 4 курсы студенті. 8707 199 1426 8702 2699  544
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір