• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:51:25
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2015 Алаш-Орда

Тілге деген құрмет – біз үшін асыл парыз

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

2015 жылы біздің еліміздегі елеулі оқиғалар ауқымды түрде өткізілетін ерекше жыл болады. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қамтылмақ. Атап айтқанда, алдағы жылдағы үлкен шара Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына байланысты болады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегіне сүйене отырып, бүкіл ғалымдар бір тұжырымға келді. Яғни, осыған сәйкес, 1465 жылы Қазақ хандығының алғаш құрылған кезі атап өтіледі.

 Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау күн тəртібіне қойылғандықтан, бұл шара идеологиялық тұрғыдабіздің халқымызға қажетті мереке. Өйткені, бұл патриоттық сезімді қалыптастыратын мереке болғалы отыр. Сондықтан да, бұл мейрам бүкіл халықтың тарапынан, мамандар тарапынан қолдауға ие. Қазақ хандығы ХV ғасырда этникалықмəнде құрылған. ХVІ ғасырдың соңына қарай Орыс империясы біріге бастап, біртұтас мемлекетке айнала бастаған кезеңі Қазақ хандығының дəуірлеу кезеңімен тұспа-тұс келді. Екі мемлекеттің де бірігу процесі бір уақытта аяқталып, тарих сахнасына шығады. Алайда, 3,5 ғасырдан кейін Қазақ хандығы Ресей империясының отарына айналғаны белгілі. Бүгінгі таңда тарихымызға терең бойлап, мемлекетіміздің біртұтастығын сақтап қалуымыз үшін Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеумен қатар, оны халық арасында жоғары деңгейде насихаттауымыз қажет.

Қазақ халқының қалыптасуының өз кезеңдері бар. Қазақ хандығына дейін қазақ жерінде көптеген мемлекеттік құрылым мен саяси жүйелер болған. Яғни, қазақ жеріндегі халықтың менталитетін, болмысын, дүниетанымын көшпелі осы өмір қалыптастырды. Қазақ мемлекеттігінің құрылуына алып келген идея қазақ жерінде сақ дəуірінен бері жалғасып келді. Қазақ халқының этникалық құрылымы қарапайым емес, тіптен, аса күрделі.  Жəне солардың барлығы сол мемлекетті қалыптастырған тайпалардың атауымен аталды: Ғұнмемлекеті, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері, Оғыз мемлекеті, Түрік қағанаты, Түргеш, Қимақ, Қарлұқ, Қарахан,  т.б. Біз осы мемлекеттердің этникалық тұрғыда өзара мұрагерлігіне баса назар аударуымыз керек. Соңғы кезең XIV-XV ғасырларда өтті. Этникалық үрдіспен саяси үрдістер бір-біріне өзара əсер етіп, алға жылжытып отырды да, Қазақ хандығы құрылды. Жəне бұлардың барлығы Қазақстандағы мемлекеттік тарихының бір көрінісі, кезеңдері ғана. Ал, Қазақ хандығының ерекшелігі – «қазақ» деген тайпаның емес, Қазақ халқының мемлекеті болды. Яғни, Қазақхандығының құрамына енген тайпалардың барлығының мемлекеті. Елбасының өзі «Ғасырлар тоғысында» дегенеңбегінде «Қазақ хандығы бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық сипаттағы мемлекет» деп өте дұрыс айтқан болатын. Қазіргі күнде Қазақстанды құрап отырған қазақ этносы – Қазақ хандығының құрылуы мен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ халқының мемлекеті ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін жетті.

Өз мемлекетіміздің түпқазығы, ежелгі заманнан бастау алған Қазақ хандығы екендігін мақтаныш етуіміз керек. Əрбір ханның кезінде қазіргі Қазақстан территориясы қандай болды деген сауалға жауап іздеп, олар басқарған аймақтардың жекелеген этно-саяси картасын жасап, əрбір ханның билік құрған кезеңіндегі тарих оқиғаларын нақтылап, қайраткерлердің өздерінің де тарихи тұлғаларын сомдай түсуіміз, кеңінен жазуымыз керек.

Қазақ хандығының қалыптасуына,біздің бүгінгі күнге жетуімізге əр ханныңқосқан өз үлесі бар. Əбілқайыр хан Батыстерриторияның сақталуына, Абылайхан Шығыс шекараның берік болуынаықпал етті. Хандардың осы еңбектерінжас ұрпаққа жеткізуіміз керек. Тарихи оқиғаларды, мерейтойларды тойлау өтемаңызды. Себебі, тарихи сананың, ұлттықсананың қалыптасуына мұндай мерекелердің əсері үлкен.

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы, хандардың билігі туралы көп мəселені айтуға болады. Соның ішінде, соғыс өнеріне тоқталып кеткім келіп отыр. Абылай ханның соғысу əдістері, Жəңгірханның Орбұлақ шайқасындағы жеңісі, Тəуекел ханның Самарқан мен Бұқараны жаулап алып, Ташкентті екі жүз жылға Қазақ хандығының құрамына қосып беруі – мықты əскердің күшімен жеткен жеңістер. Осы хандарды ерліктерін дəріптеп, олардың жетістіктерін мақтан айтып, жазуға болады.

Жалпы алғанда, Қазақ хандығының үш жарым ғасырлық тарихы бар. Керей мен Жəнібек хандар негізін қалап берсе, оның түпкілікті жойылған уақыты Орта жүзде – 1822, Кіші жүзде – 1824 жылға сай келеді. Бөкей Ордасында хандық 1845 жылы жойылды. Уəли хан Орта жүздің, Шерғазы хан, Бөкей хандар Кіші жүздің соңғы хандары. Кейін Қазақ хандығын қалпына келтіруге Кенесары күш салып, 1841 жылы хан сайланды, бірақ, 1847 жылы қаза тапты.

Бүгінде «Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау керек пе?!» деген сұрақ қойылса, менің ойымша, әрине, өте қажет. Себебі,«қазақ» ұғымының мемлекеттік деңгейде танылуына 550 жыл толғанын тойлауымыз ұрпақтар сабақтастығы мен тарихымызды тереңірек тану үшін керек. Сонымен қатар, 550 жылдық қарсаңында тарихымыздың кейбір бұрмаланған тұстарын ашып, өсіпкеле жатқан жас ұрпаққа ақиқатын жеткізуге мүмкіндік тудырады. Тəуелсіздік алған аз ғана уақыт ішінде тарихымызды қайта қарап, ақтаңдақтарын түгелдей ашып үлгерген жоқпыз. Бабаларымыздан қалған «Елужылда – ел жаңа» деген қанатты сөз бар емес пе? Мүмкін, бұл жағдай елу жылдан кейін шешімін тапқан мəселе болар деп ойлаймын.

Елбасы өз сөзінде: «1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін, бұл термин біздің қазіргі түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі қаланғандығы, ал біздердің ата-бабалар ұлы істерін жалғастырғанымыз» деген еді.

Тәуелсіздігімізге биыл 23 жыл толғалы отыр. Егемен ел атанғалы бері қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпек. Сондықтан да  бұл қазақ елі үшін тарихта қалатын ең маңызды мереке болмақ.  Келер жылдың қыркүйек айына жоспарланған бұл мерекеге байланысты  халық арасында «қазақ хандығының күні» атты жаңа мереке белгіленсін деген ұсыныстар да айтылып жатыр.

Қазақстандық тарих ғылымында бұл терең зерттелген дүние. Десе де, қазіргі күні зерттеушілер арасында  қазақ хандығының қашан құрылғандығы жөнінде  қарама-қайшылықты пікірлер қалыптасып отырғанын айтумыз керек. Тарих беттерін парақтасақ, бұл мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттеген тарихи шыларымыздың бірі қазақ хандығының құрылуы 1428 жылдан бастау алады деп әріге жіберсе, енді бірі 1445, 1456, 1465 жылдарына қатысты сан түрлі дәйектерін ұсынған. Бұған дәлел ретінде  зерттеуші ғалымдардың дерегіне назар аударып көрейік.

Тәуелсіздік алғаннан кейін ерекше бір қызығушылық туғызған мәселе, ол Қазақ хандығының құрылуы мен күшеюінің мәселелері болды. Бұл мәселелер бойынша М.Әбусейітова, Т.Сұлтанов, Ә.Хасенов, З.Қинаятұлы, С.Жолдасбайұлы, Б.Кәрібаев сияқты тарихшыларымыз өз пікірлері мен тұжырымдарын жарыққа шығарды. Ал, жас зерттеуші Г.Сәбденова Қазақ хандығының тарихнамасын арнайы зерттеп осы мәселеге байланысты кандидаттық диссертация да қорғады. 16 ғасыр тарихшысы Дулатидың «Тарих-и Рашиди»  еңбегінде (Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. –Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. -616 б) қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 1465-1466 жж. басталды деген дерегіне көптеген тарихшылар күмәнмен қарайды. Бұл мәселе бойынша Т.Сұлтанов Қазақ хандығы 1470-1471 ж.ж. құрылды деген пікірді ұсынды(Сұлтанов Т.И. О первом казахском государстве (К.525-летию Казахского ханства) // Кунсткамера. Этнографические тетради. СПб. 1995. – Вып. 8-9. с.31-38). Сонымен қатар, Қазақ хандығының құрылу мерзімін Н.Масанов көрсеткен мерзімнен де алысқа апарылды. Мысалы, Н.Мыңжан хандықтың құрылған жылын қазақтардың Жетісуға қоныс аударған жылымен сәйкестендіріп 1456 жыл деп көрсетеді (Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: Жалын, 1994. – 400 б.). Ә.Хасенов болса бұл мерзімді 1445 жылдан, яғни Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммедтің қайтыс болуынан бастаған жөн дейді (Хасенов Ә. Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны. – Алматы: Мектеп, 1996. -296 б). Қазақ хандығы Шу бойында 1458 жылдан бастап құрылды деген пікірді Б.Кәрібаев ұсынды. Берекет Бақытжанұлы «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты докторлық диссертациясында (Алматы,2010),  Қазақ хандығының қалыптасуын екі онжылдыққа созылған және бірнеше кезеңдерден тұратын едәуір созылмалы процесс ретінде қарастырды және алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек туралы келелі пікірлер білдірді.

С.Жолдасбайұлы өзінің зерттеуінде 1465-1466 жылдарды Қазақ хандығының күшейе бастаған мерзімі ретінде қабылдауды ұсынды. Қазақ хандығының құрылған мерзімін анықтауда осы мәселемен көп жылдан бері тұрақты айналысып келе жатқан қазақстандық зерттеуші К.Пищулина еңбектерінің орны бөлек. Ол ғылыми негізі берік тұжырымдар жасай отырып, Қазақ хандығының құрылуына байланысты Мұхаммед Хайдар Дулати көрсеткен 1465-1466 жылдарды толық мақұлдайды. Қазірде бүкіл әлем мойындап, алдағы дамуын қуатты 30 іргелі елдің қатарында болжап отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуы мен алғашқы хандарымыз туралы тарихи мерекені атап өту туралы шешімі өте маңызды.Бұл тәуелсіздігіміздің іргесінің беріктігінің ғана емес,ата-бабалар аманатына деген адалдық пен құрметтің белгісі, - дейді Л.Бердіғожин.

Жүздеген жылдар мен сынақтардан елімізге деген махаббатымызды өшірмедік, елімізді қалыптастырдық, тәуелсіздікке ие болдық. Барлығымыз бірігіп егемен мемлекет құрдық. Ендігі мақсатымыз – өткен жетістіктерімізді сақтай отырып, жаңа биіктерге жете отырып, болашақ ұрпақтарымызға бай және егемен елімізді аманат ету. Біздің тәуелсіздігімізге әлі екі онжылдық қана болды. Өз жеріңде өмір сүру және жұмыс істеу, өз тағдырыңды өзің анықтаудан артық нәрсенің жоқтығын миллиондаған қазақтардың түсінуіне осы қысқа тарихи уақыттың өзі жеткілікті болды. Қазақтарды тізе бүккізіп, бағындыруды, өз жерінен, атынан айыруды көздегендер аз болған жоқ. Бірақ оларға әрқашан жол бермей тұрған күш – ерлікке, атамекенге деген сезімге және бостандық жолында құрбандыққа толы қазақтық мінез жатты. Отанымыздың тәуелсіздігі жарияланған күннен бері жиырма жыл өтті. Бүгін, тәуелсіздігіміздің бағасыздығына көзіміз жете отырып, халықаралық тоғыста орналасқан Қазақстан Республикасының әлемдегі елдермен қарым-қатынастарының дамуын бақылап отырмыз. Сүйікті отанымыз Қазақстан – бүгін халықаралық қоғамдастықтың белсенді, танымал, құрметті мүшесі. Бұл жоғары мәртебе ұлтына лайықты әр ұлынан, сонымен қоса әр деңгейдегі депутаттар мен әкімдерден, үкімет мүшелерінен Отанның бүгіні мен ертеңі үшін, сүйікті Қазақстанымыздың дамуы үшін, сонымен қатар әлемдік аренада оның үнінің қатты шығуы үшін үнемі күш жұмсауды талап етеді. Отан үшін жауапты болуға әрқайсымыз адал еңбектеніп, жемісті күш жұмсап, үлкен жауапкершілік пен мықты ерікке, ұлттық намысқа, жоғары білімділікке, таза ниетке ие болуымыз қажет. Әр жыл сайын республика өндіргенінің 80 пайызын экспорттайды, өйткені бәрі шикізат. Барлық табылған табыс, меніңше, олигархтардың қалтасына, шетелге кетпеуі тиіс, ол халыққа еңбекақы, әлеуметтік игілік, отандық экономикаға инвестиция ретінде қайтуы керек. Әрқашан осылай болуға тиіс. Осындай экономика құру біздің мақсатымыз. Бүгінгі жағдайлардағы Қазақстанда біз одан әрі халық игілігі үшін аянбай еңбек етуге, мектептер мен балабақшалар жетіспеушілігін және азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге, ауылдарды газификациялауға, индустриалды-инновациялық саясатты іске асыруға, қарапайым азаматтарды әлеуметтік қорғауға, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға міндеттіміз. Сонымен қоса, коммуникациялық тәуелсіздік және сауда қорғанысына, азық түлік қауіпсіздігіне және экономикалық өсімді өндіруші сала арқылы қамтамасыз етуге, халыққа стратегиялық кәсіпорындарды және пайдалы қазбалар орнын қайтаруға, заң шығарушы органдардың ролін күшейтуге бағытталған стратегиялық мақсаттарға жақындауымыз керек. Уақыт талабы осындай. Алдымызда шешімін талап ететін мақсаттар тұр. Мысалы Қаржы саласындағы мәселелер осы: • Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету; • Несиелік қорларды көбірек тарту және осы негізде шағын және орта кәсіпкерлікке, әсіресе өндірістік кәсіпорынға салынатын жалпы несие көлемін үлкейту; • Несиелік ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын жалғастыру және оның қызметін халықтың бос қаражаттарын тарту арқылы, банк қызметтері сапасын жақсарту арқылы, олардың орындалу тәртібі арқылы кеңейту. • Отандық өндіруші кәсіпкерлікке берілетін ұзақ мерзімді несиелерге клиенттерді тарту арқылы несие жүйесін нығайту. Экономиканың нақты секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен Ұлттық банк және коммерциялық банктер осы бағыттағы несиелердің көлемі мен санын көбейтуге, несиелік қорларға көбірек клиент тартуға керекті шаралар қолдануға тиіс. Осыған байланысты, елде банктердің, басқа да несиелік ұйымдардың санын көбейту үшін және қызмет сапасын жақсарту үшін барлық сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарап, олардың қызметін жақсартуға жағдайлар жасау керек. Сонымен қатар, алыстағы аудандарға микронесиелеуді көбейтуге қосымша шаралар қолдану қажет. Құрметті отандастарым! Осы ұлы жетістік пен бағасыз ұлттық игілігіміздің қасиетті, мінсіз, және әрқашан тұрақты тәуелсіздігін сақтау - мемлекеттің мақсаты және Қазақстанның әр саналы және адал азаматының миссиясы. Тәуелсіздік пен егемен мемлекетті, әлемді нығайтуды, тұрақытлық пен ұлттық бірлікті, жоғары отаншылдық сезімді, рухани қырағылықты, ұлттық намысты, ұлттық құндылқтар мен мемлекеттік нышандарды қорғау – нағыз азаматтық қоғам құруға, мықты экономикалық және әлеуметтік дамуға, стратегиялық жоспарлар мен мақсаттардың іске асуына бізді толықтай бағыттайды. Тәуелсіздік пен оның жетістіктерін нығайту бізді халықтың тарихи санасын, этикалық және мәдени құндылықтарын қалпына келтіру мен тілдің, әдебиеттің, ғылымның, мәдениеттің, ағарту мен білім берудің дамуына көп күш салуға итермелейді. Ұлттық сананың қалыптасу үрдісін күшейтудегі, өркениетті азаматтық қоғам негіздерін күшейтудегі тарихымыздың тағдырлы кезеңінде ең қуатты жемісті құрал – қазақ халқының ұлы бабаларының мұрасына назар салу. Сондықтан, ежелгі, бай, дана және ақындық тілге деген мемлекеттік және бүкілхалықтық қамқорлық – әрқайсымыз үшін асыл парыз.

 Алмаз Әділханов

demeu2

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір