• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Марта, 09:57:35
+35°

25 Июня, 2018 Новости

Қазақстандық ІТ-компаниялар өз өнімдерін Қырғызстанда таныстырды

21-22 маусым аралығында қазақстандық делегацияның Бішкек қаласында жұмыс сапары өтті

"Әлем қазір түбегейлі өзгерістер замынында. Цифрландыру - ұлттық экономиканың қозғаушы күші. Әлемдік ұйымдар осы цифрландыруға мән беріп отыр. ЕАЭО да 2025 жылға дейін цифрландыруға мән беріп отыр.", - деген болатын Президен Назарбаев. 

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы міндеттерінің бірі – цифрлы индустрия құру, яғни ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қазақстандық IT индустрия ЕАЭО кеңістігіне қанат жая бастады. 21-22 маусым аралығында қазақстандық делегацияның Бішкек қаласында жұмыс сапары өтті. Кездесуде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және Қырғыз Республикасының «ТазаКоом» Ұлттық цифрлық трансформациялау бағдарламасы аясында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Цифрлы технология – экономикалық серпілістің тиімді тетігі екені анық. Қазақстанның 29 компаниясы қырғыз өкілдеріне 80-нен астам ақпараттық-технологиялық шешімдері мен өнімдерін ұсынды. Қазақстандық компаниялардың денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, Smart City, көлік, қауіпсіздік, экономика және қаржы саласындағы мүмкіндіктері Қырғызстандағы мемлекеттік органдар мен ірі компаниялардың қызығушылығын тудырды.

 Қазақстандық IT-компаниялар мен «Қырғызтелеком» ААҚ, «Қырғыз почта» МК араларында екі меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ кездесу барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Шеглова Astana Hub Халықаралық Технопаркінің таныстырылымын өткізді.

Қорытынды кеңеске Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Замирбек Асқаров қатысты.

Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы жайлы қырғыз тараптарына айтып берді және 2018 жылдың 3 шілдесіне жоспарланған Астана Hub павильонының техникалық ашылуына шақырды.

Өз кезегінде, Замирбек Аскаров Қазақстанмен ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын және ақпараттық технологиялар саласындағы үлкен әлеуетті атап өтті. Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі Қырғызстан Республикасы мемлекеттік комитетінің төрағасы Бақыт Шәршімбиев қазақстандық делегацияның жасаған сапарына алғысын білдірді және қазақстандық компаниялардың ұсынған шешімдері қырғыз елінде сұранысқа ие екенін атап өтті.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігі мен Қырғыз Республикасы ақпараттық технологияларының мемлекеттік комитеті арасында тәжірибе алмасу мақсатында іс-шаралар өткізілді. Тараптар екі елдің үлкен деректер, бұлттық технологиялар, электрондық құжат айналымы саласындағы тәжірибесін талқылады және меморандумдар мен келісімдерді әзірлеу туралы уағдаласты.

Сапар соңында Асқар Жұмағалиев IT-компаниялардың өкілдерімен бірге кездесулердің қорытындысын талқылады. Компания өкілдері іс-шараның тиімділігін атап өтті және осындай сапармен басқа елдерге барып, өз мүмкіндіктерін ұсынуға дайын екендігін айтты.

Қазақстан ТМД ішінде алғашқы болып, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануды, электрондық үкімет бірыңғай порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді енгізуді бастаған. «Цифрлық Қазақстан» экономикасын жедел технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету бағытында  цифрлық трансформациялау бойынша кешенді бағдарлама қабылданды. Бағдарламада 2 негізгі мақсат айқындалған. Бірінші, экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке өту және «Цифрлық Жібек жолын» дамыту арқылы экономиканы дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту қарқынын айтарлықтай үдету. Екінші, адам капиталын дамыту және ұзақ мерзімді перспективада инновациялық экожүйені құру арқылы Қазақстан экономикасының жаңа даму траекториясына өту міндеті тұр.  

"Қамшы" сілтейді

Если вы нашли ошибку - выберите нужную часть и нажмите Ctrl + Enter.

Оставить комментарий

комментарий