• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Августа, 17:25:58

25 Июня, 2018 Новости

Мақтаралда мемлекеттік қызметкерлер арасында футболдан жарыс өтті

Аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен қала, кент, ауылдық окург әкімдіктерінен жиналған 16 команда жасыл алаңда бақ сынасты

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай Мақтарал ауданында мемлекеттік қызметкерлер арасында футболдан жарыс өтті. Аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен қала, кент, ауылдық окург әкімдіктерінен жиналған 16 команда жасыл алаңда бақ сынасты.

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысып, мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған аудан басшысы Ж.Бейсенбаев: "Қадірменді әріптестер! Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" стратегиялық құжатында да елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өткен болатын. Өйткені, еліміздің өркендеуі мен дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштігіне, патриоттық сезіміне және білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қыметтің мәртебесі мен биік беделін мемлекеттік қызметкерлер көтеруі тиіс. Міне, бүгін Сіздердің спортқа деген қызығушылықтарыңызды арттырып, Отанға деген патриоттық сезімдеріңізді нығайту үшін футболдан жарыс өткізудеміз. Ендеше, қызықты әрі тартысты ойын өткізулеріңізге сенім арта отырып, барлық командаларға сәттілік тілеймін!" - деді.

16 команда 4 топқа бөлініп, әр топтан үздік шыққан 2 команда ширек финалға жолдама алып отырды. Осылшай ширек финалдан үздік шыққан 4 команда жартылай финалда тартысты ойын көрсетіп, финалда мемлекеттік қызметкерлерден құралған командалардың арасында ең үздігі анықталды.

Ойынның нәтижесі бойынша І орынды жеңіп алған Жетісай қаласы әкімдігі мен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қызметкерлерінен құралған команда аудан әкімінің жүлдесіне ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімінің командасы ІІ орынды, Асықата кенті әкімдігі мен Ынтымақ ауылдық округі әкімдігінен құралған команда ІІІ орынды жеңіп алды.

Если вы нашли ошибку - выберите нужную часть и нажмите Ctrl + Enter.

Баннер

Оставить комментарий

комментарий