11 Ноября, 2016 Нурлы жол

Алматыда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының конференциясы өтті

Бүгін, өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиевтің...

Бүгін, өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиевтің қатысуымен «Елбасының Жолдауын іске асыру, Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму, IV бағыт, «Бизнестің жол картасы-2020», Қазақстан Ресаубликасы индустриалды –инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Конференция барысында Мәдиев мырза Алматы қаласының шағын және орта бизнесінің, сауданың, қызмет көрсету саласының және индустриалды-инновациялық дамуының негізгі көрсеткіштерін жариялады. А. Мәдиев қалада шағын және орта бизнестің тұрақты өсуінің байқалатынын атап өтті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша, 2016 жылы республикалық бюджеттен 3,2 млрд. теңге бөлінді.  Өткен жылмен салыстырғанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жобаларының саны 2,5 есеге, алынған несиелер қоржыны мен субсидиялар көлемі 2 есеге артты. Бағдарламаны іске асырудың жетістікті үлгілері: «Мега Алматы» сауда ойын-сауық орталығының аумағында «Happy Eye» ең ірі айналаны шолу аттракционы, «Москва» сауда ойын-cауық орталығы және Hilton қонақ үйі.  

28-ші Қысқы Универсиада-2017 және ЭКСПО-2017 іс-шараларының қарсаңында қазіргі уақытта 100-ден астам нысандар іске қосылды. Hilton, Kempinski, Novotel белгілі атауларымен қонақ үйлерін ашуға дайындық жүргізілуде.

2017 жылдың III тоқсанына дейін «OBI» бірінші неміс гипермаркеті өзінің құрылысын аяқтайды. Екінші бесжылдықтың Кәсіпкерлікті қолдау Картасын пайдалану кезеңіне 11000 жұмыс орындыры құрыла отырып, сомасы 175 млрд. теңгені құрайтын барлығы 80 жоба кіреді, оның 21-і іске қосылған.

Өткен  дүйсенбіде мемлекет басшысының қатысуымен өткен Телекөпір барысында Индустрияландыру Картасының шеңберінде өзен арналарын тұрақтандыруға арналған габиондық торлар өндірісі бойынша «Tokyo Rope Almaty» Жапон зауыты іске қосылды.  Сондай-ақ, Tokyo Rope және Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласында Жапонияның іскерлік клубы мен Индустриалды аймақта Жапондық индустриалды парк құру туралы меморандумға қол қойды.

Қамшыгер: Даяна Ишанхан

Если вы нашли ошибку - выберите нужную часть и нажмите Ctrl + Enter.

Баннер

Оставить комментарий

комментарий